Астық қоспаларын өндірудің оқу-ғылыми орталығы

Астық қоспаларын өндірудің оқу-ғылыми орталығы

«Астық қоспаларын өндірудің оқу-ғылыми орталығы» 2016 жылы коммерцияландыру жобасы есебінен (2016 жылғы 14 қазандағы № 217 келісімшарт) Қазақстанның астық өңдеу кәсіпорындарында нан өнімдерін байыту үшін отандық функционалды астық қоспаларының технологиясын енгізу мақсатында құрылған.

2016 жылдың қазан айында «Астық қоспаларын өндірудің оқу-ғылыми орталығының» ашылуы өтті, оның ашылу салтанатына: Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарынан келген қонақтар, АҚ «АТУ» әкімшілігі мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

«Астық қоспаларын өндірудің оқу-ғылыми орталығының» ғалымдары сатып алынған технологиялық жабдықта келесі ассортименттегі астық қоспаларын өндірудің технологиялық режимдері мен параметрлерін әзірледі: «Великолепная семерка», «Золотая смесь», «Белковая смесь», «Целебные росточки», «Омега 6».

 

Қапталған астық қоспалары

 

 

 

Сондай-ақ, «АТУ» АҚ ғалымдары – Құлажанов Т.К., Қизатова М.Ж., Пронина Ю.Г., Набиева Ж.С., Изтаев А.И., Гумаров Б.С., Нұрғожина Ж.К. 2019 жылғы 26 шілдеде № 30 бюллетеньде жарияланған № 33792 «Нан өнімдерін байытуға арналған астық қоспасының құрамы (нұсқалар)» патентін алды.

«Астық қоспаларын өндірудің оқу-ғылыми орталығы» астық қоспаларының жаңа түрлерін әзірлеуге, университетіміздің жас ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстарын өндіріске енгізуге және т.б. үлкен жол ашады. Оқу-ғылыми орталықта студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арналған әртүрлі астық қоспаларын алу технологиясы бойынша зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

 

 

«Астық қоспаларын өндірудің оқу-ғылыми орталығында» келесі құрылғылар мен жабдықтар орнатылған:

Қаптау аппараты

Жуу машинасы

 

Кептіру шкафтары

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз